«Не?Қайда? Қашан? » зияткерлік Чемпионаты

04.02.20 ж. Қарағанды медициналық интерколледжінің «Жігер» құрамасының «Рубикон» командасы Облыстық «Не?Қайда? Қашан? » зияткерлік Чемпионатына қатысты. Чемпионат Қарағанды экономикалық университетінде Қарағанды Облысының Білім басқармасы және «Сарыарқа дарыны » балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтті.

Чемпионат арнайы атаулы жылдың Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және Әбу Насыр-Әл- Фарабидің 1150 жылдығына орай ұйымдастырылды.
V Облыстық «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойынында жалпы есеппен колледж құрамасы 15 баллдық көрсеткішпен Республикалық чемпионатқа жолдама алды.

Закрыть меню