Жыл сайын колледжімізде ұйымдастырылатын “Ашық жүрек” қайырымдылық акциясы бұл жылда дәстүрлі жалғасын тапты.

Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе- бұлар адамгершілік қасиеттер (Ы.Алтынсарин).
Адамгершілік-бұл рухани тәрбие. “Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы “деген шығыстың ұлы ғұлама ғалымы Әл-Фараби.
Білім беріп, қанша жерден сусындатып жатсақ та, тәрбие болмаса, адами құндылықтар жойылады. Осы құндылықтарды студенттердің бойыңа сіңіруде, сіз бен біздің қосар үлесіміз зор.
Жыл сайын колледжімізде ұйымдастырылатын “Ашық жүрек” қайырымдылық акциясы бұл жылда дәстүрлі жалғасын тапты. Биылғы жылғы акцияға студенттер ерекше ниетпен дайындалды. Бұл қайырымдылық акциясының ерекшелігі өмір жолында қиындыққа тап болып, жұмыссыз қалған (жалғыз басты ана, көп балалы, аз қамтылған, мүгедек балалары бар) отбасыларға аз да болса, жылулық ұшқынын сыйлау еді.
Қайырымдылық акциясы барысында колледж студенттері #33 шахта, Курьянов ауылының тұрғындарын азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз етті.
Көз алдымызда игі дәстүрдің жалғасын жыл сайын жаңғыртып, рухани байлықты бойларына сіңіріп, таңдаған мамандықтарының тағы бір дәлелі ретінде, ел алдында абыройлы, үлгі боларлық колледж студенттеріне колледж әкімшілігі ерекше алғыс білдіреді.

Закрыть меню