Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

13.12.2019 ж. Қарағанды медициналық интерколледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай, мерекелік іс-шарасы өтті.Мереке барысында 2019 «Жастар жылы» аясында жылы аясында жыл бойына атқарылған іс-шараларға қорытынды жасалды. «Жастар жылы» қарсаңында ауыз толтырып айтарлық жеңіс те, марапат та баршылық. Бұл зияткерлі жастардың білім мен ғылым заманындағы елеулі ерекше жетістіктері мен ерен жеңістері.

Атап өтсек:
⠀?️2019 жыл 6 ақпанда «Jastar tynysy» интеллектуалдық ойынын өткізуде «Жастар жылын» ашық деп жариялап, жастарымызға қолдау көрсетілді.
⠀?️«Жігер» облыстық жастар қозғалысының мүшелері арасында «STREET DANCE-2019» Облыстық байқауында колледждің SHOW DANCE командасы қатысып, сертификатпен марапатталды.
⠀?️2019 жылдың қаңтарында KELESHEK Кәсіподақ жастар лагерінде Қарағанды облысы жастарының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін талқылауға және «Медиация» шеберлік сыныбын тыңдауға қатысқандары үшін колледж студенттері Козаев Д., Тукенова П., Шилина И. арнайы сертификаттармен марапатталды.
⠀?️Облыстық «Жігерлі жастар» лагерінде «Интеллектуалдық-ойын-сауық» квесті бойынша І дәрежелі дипломмен, жалпыкомандалық есепте ІІІ дәрежелі, бейнеролик түсіруден ІІІ дәрежелі дипломдармен колледждің ENERGY командасы марапатталды.
⠀?️«Гиппократ» республикалық олимпиадасында анатомия пәнінен І орынға ие болған Тұрсынова Д., Суняева А., Төрехан А., Шилина И., Козаев Д., Килибаева А., Муханова А., Тургунбаева Д., Жолдыбекова Ж.,қоржынымызды марапаттармен толтырған еді.
⠀?️Республикалық Online Олимпиадасы «Акушерлік» пәні бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен Қалиева А., Загриценко Ю. марапатталды.
⠀?️VIII Облыстық форум «Жігер» жастар қозғалысының жұмыс жоспарына сәйкес іс-шараларды ұйымдастыруда Козаев Д. алғыс хатпен марапатталып, Облыстық «Жігер» штабына қабылданды.
⠀?️VIII Облыстық студенттер фестивалінде Қазақстан халқының мәдениетіне арналған шарада колледждің «Тәуелсіз елдің жастары» командасы «Бір шаңырақ астында» композициясымен ерекше көзге түсіп, дипломмен және сыйлықтармен марапатталды

Атаулы мереке қарсаңында Интерколледждің бас директоры Нұрбеков А.Н. мерекемен құттықтап, Тәуелсіз елдің жастарына жарқын болашақ тілеп, колледж белсенділерін және оқытушыларды марапаттады. ⠀Жастар жылын жарқыраған жеңіспен аяқтаған Интерколледж ұжымы, өз тарапында келер жылға тың жоспар мен кезекті жасампаз жобаларды жүзеге асыруда нық қадам баспақ.

Закрыть меню