«Қарты бардың қазынасы бар»

«Қарты бардың қазынасы бар» деп, дана халқымыз айтқандай, үйінде қариясы бар жанұя-шынында да, қазыналы, берекелі жанұя.

Елімізде 1 қазан-Халықаралық қарттар күні аталып өтті. Атаулы күн қарсаңында Қарағанды медициналық интерколледжінің студенттері ардагерлерімізді үйлерінде құттықтап қайтты.
Мемлекет басшысы келер жылды «Волонтер жылы»деп жариялаған болатын. Колледж волонтерлері осы тараптан өз жұмыстарын бастап кетті.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері Белецкина Г.И., Оленченко П.М., тылда еңбек еткен Дусмаилов М.Ш., Шарипова Л.Х., Тулепова Ш.А.ардагерлердің көңілдеріне жылу ұялатқан студенттеріміз өзара сұхбаттасты. Сұхбат барысында заманның келбеті, қоғамдағы жастар саясаты, медицина саласының бүгінгі таңдағы қызметі әрі көкейкесті сұрақ «медициналық сақтандыру» туралы әңгіме өрбіді. Біраз әңгіменің сырын шерткен қарттарымыз, «Батаменен ел көгерер» демекші, балаларға баталарын жаудырып, болашақта медицина саласының үздік мамандары болуына тілектесті.

Колледж тарапынан бас директор Нұрбеков А.Н. атынан Қазыбек би ауданының ардагерлері қоғамына қаржылай сыйақы беріліп және азық түлікпен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, ардагерлерімізге «Орталық Қазақстан» газетіне тегін жазылуға көмек көрсетілді.
Мерекелік күннің жалғасы қаламызда орналасқан «Благодать» қарттар үйінде мәресіне жетті. Колледж тарапынан қарттар үйіне азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз етілді.
Колледж студенттерінің волонтерлер құрамының жұмысы жыл бойына өз жалғасын таппақ.

Закрыть меню